Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы

Тәрбиенің  алтын бесігі-балабақша! Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, дені сау, жан-жақты дамыған  ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Білім берудің  алдындағы жаңа міндеттер мен талаптарды орындау барысында, балалардың балабақшаға деген  сұраныстың  жоғарылауына байланысты, 2012 жылы біздің «Бейбарыс би» Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» жеке мекемесінің Шымкент қаласындағы филиалы ашылды.

Ғимарат типтік үлгіде салынған, екі қабатты, 7 топтық, жоба қуаттылығы 175 орын. Ғимарат жылу, су, электр жүйелерімен қамтамасыз етілген, кәріз  құбырлары, телекоммуникациямен қамтамасыз етілген, интернет қосылған, өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Асхана, азық –түлік  сақтайтын қойма, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық  заттарын сақтайтын қойма бар. Медициналық  қажетті  құралдармен және  оқшаулау бөлмелерімен қамтылған, қарастырылған. Барлық топтар балалардың  жас ерекшеліктеріне қарай қажетті жиһаздармен, оқу-әдістемелік құралдармен, заман талабына сай  материалдық-техникалық  базамен  қамтамасыз етілген. Әрбір  топта киім шешетін бөлме, ойын бөлме, жататын бөлме, ас тарататын  бөлме  және  әжетхана бар. Аулада балалар ойын алаңшалары, ойын құралдары және беседкалар орнатылған.  Балалар балабақшаға Қазақстан  Республикасының  «ИНДИГО» ашық электронды  жүйесі арқылы, электронды жолдама бойынша 2 жастан бастап қабылданады.

Балабақша жұмыс уақыты: 8:00-18:30 аралығында. Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.  Ас мәзірі таңғы, түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.

Балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, қолайлы және қауіпсіз орта жасау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына  сәйкес:

– Білім беру ұйымының ғимаратына кіру «NS-Kuzet Шымкент» ЖШС лицензияланған күзетпен бақылауда;

– «Қауіп-қатер дабылы» бар және ол жедел басқару орталығына қосылған;

– Бейне есік қоңырау жүйесі (домофон) бар;

–  Ғимараттың іші –сыртында, топтарда  бейнебақылау орнатылған. Бейнебақылау жүйесі жедел басқару орталығына қосылған. Жалпы саны: 17, оның ішкі нүктесі-13, сыртқы нүктесі-4;

–  Дыбыстық хабарлама бар («Пожтест» ФГБУ ВНИИПО МЧС России, қызмет ету  уақыты 28.03.2022 жыл – 28.03.2027 аралығы), жалпы саны-2.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған  тосқауылсыз орта бар.

«Бейбарыс би» Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» жеке мекемесінің Шымкент қаласындағы филиалының жұмысын Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына сай жүргізу үшін, білікті педагогтар, жас  мамандар және  техникалық қызметкерлермен  қамтылған.  Балабақшада  жалпы  қызметкерлер саны 33, педагогтар саны – 14, техникалық қызметкерлер саны 19. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметін жүйелендіру, біліктілігін   арттыру мақсатында  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі  «Өрлеу» біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы» акционерлік қоғамының  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтында педагогтар уқыт-уақытымен біліктілігін жетілдіріп отырады.

«Ел болашағы – өскелең ұрпақ» екенін терең түсінген  «Бейбарыс би» Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені» жеке мекемесінің Шымкент қаласындағы филиалының құрылтайшысы мен ұжымы ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, патриоттық сезімі мықты, экологиялық мәдениет пен қоғамдық ережелерді ұстанатын жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу бағытында тынбай еңбек етіп, мақсатымызға жететінімізге сеніміміз мол.